«Павлодар өзен порты» АҚ өз акционерлеріне

«Павлодар өзен порты» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) өз акционерлеріне:

«ЖБИ «KSM» Строй» ЖШС (бұдан әрі – «Борышкер») Жеке келісімдер (бұдан әрі – «Келісімдер») жасасу үшін Банкке жүгінуіне байланысты, оның негізінде Банк 2 208 368 000 (екі миллиард екі жүз сегіз миллион үш жүз алпыс сегіз мың) теңге және 400 000 000 (төрт жүз миллион) теңге мөлшерінде кредиттік желілер беретінін, сондай-ақ Келісімдердің әрқайсысында айқындалған өзге де шарттарда көрсетілген Келісімдердің әрқайсысы бойынша Борышкердің Банк алдындағы барлық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету үшін Банкке толық ынтымақты кепілдіктер беру туралы шешім қабылдағанын хабарлайды. Сонымен қатар, тиісті Келісім бойынша қаржыландырудың келесі шарттары өзгерген жағдайда, Серіктестіктің қосымша келісімін алу қажеттілігінсіз жоғарыда көрсетілген кепілдіктердің әрқайсысының мөлшерін алдағы уақытта туындауы мүмкін міндеттемелер сомасына ұлғайтуға келісім беру:

  • қаржыландыру сомасын ұлғайту – бірақ осы шешім қабылданған күні Келісім бойынша белгіленген/қолданыстағы кредиттік желінің жалпы сомасының 30% (отыз пайызынан) аспайтын сомаға;
    • қаржыландыру мерзімін ұлғайту – бірақ осы шешім қабылданған күні Келісім бойынша белгіленген/қолданыстағы кредиттік желінің жалпы мерзімінің 50% (елу пайызынан) аспайтын мерзімге; – ұқсас валютадағы сыйақы мөлшерлемесін ұлғайту – бірақ сыйақы мөлшерлемесі өзгерген күні ҚР Ұлттық Банкі белгілеген базалық ставканың 50% (елу пайызынан) аспайтын сомаға;
      • қаржыландыру валютасы өзгерген жағдайда сыйақы мөлшерлемесінің өзгеруі – бірақ осы шешім қабылданған күні Келісім бойынша белгіленген/қолданыстағы сыйақы ставкасының 50% (елу пайызынан) аспайтын сомаға; – кредиттік желі/қарыз/кредиттік шарт шеңберінде жасалған банктік қарыз шарттары/акцессорлық шарттар бойынша өтеу кестелерін (оның ішінде қажет болған жағдайда жеңілдікті кезеңді белгілей отырып) – осы шешім қабылданған күні Ккелісім бойынша белгіленген/қолданыстағы қаржыландырудың жалпы мерзімінен аспайтын мерзімге көшіру;
    • кредиттік желі мерзімінен аспайтын мерзімге Келісім бойынша қаржы құралдарын игеру үшін қолжетімділік кезеңін белгілеу/ұзарту/жаңарту;
      • қарызды өтеу кезеңділігі шарттарының өзгеруі, оның ішінде – ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет, жылына бір рет, қарыз мерзімінің соңында;
        • несие желісінің жаңартылмайтын несие желісінен жаңартылатын несие желісіне ауысуы және керісінше;
        • қаржыландыру валютасын өзгерту, оның ішінде Келісім бойынша берешек сомасын ішінара немесе толық бір валютадан екіншісіне аудару;
    • Келісімді жаңа қаржы құралдарымен толықтыру;
    • Келісім бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету шеңберінде берілген кез келген кепілді қамтамасыз ету құрамынан шығару;
  • Келісім шарттарын кез келген өзгерту және/немесе толықтыру (соның ішінде, бірақ онымен шектелмей: заңды және/немесе жеке тұлғалардың кредит алу үшін Келісімге қосылуы немесе оларға қатысуын тоқтату; Келісім шеңберінде бұрын жасалған шарттардың талаптарын өзгерту немесе толықтыру, жаңаларын жасасу немесе қолданысын тоқтату).